Біздің қызметтер

Рұқсаттарды алу және слоттарды келістіру
Рұқсаттарды алуға берілген барлық сұраулардың әрқайсысымен біз жеке жұмыс істейміз. Ұшудың барлық деректерін ескере отырып, біз қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағында бизнес/ВИП рейстер үшін барлық қажетті растауларды аламыз.
Әуежайлармен қолданыстағы келісімшарттардың болуы бізге жолаушыларға қажетті слоттарды уақыттылы келістіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ біз әуежай жұмысының регламентін ұзарту қызметтерін ұсынуға қабілеттіміз.
Әуе ұшуларын навигациялық қамсыздандыру
Әуе ұшуларын навигациялық қамсыздандыру аясында біз Сізге келесі қызметтерді ұсынуға дайынбыз:
– Экипажға арналған ұшу құжаттарын басып шығару. Ұшу әуежайының терминалына келген бойда жинақ біздің өкілімізбен экипажға табысталатын болады.
– Ұшу жоспары (FPL) бақылау және беру. Біз Сізге брифингте ұшу жоспары FPL толтыруға, оның статусы туралы ақпараттандыруға, кідірулер мен ауыстырулар жағдайында оған өзгерістерді енгізуге көмектесеміз.
– Келесі байланыс құралдарының көмегімен ақпараттарды тапсырыс берушіге жөнелту: e-mail, AFTN, FAX.
– Қазақстан бойынша мәселелік ұшу жоспары (FPL) түзету.
– ВС орналасу орнын қадағалау.
– ҚР әуе кеңістігін қолдануға қатысты кеңес берулер.
– Оңтайлы бағытты әзірлеу.
Жер үсті қызмет көрсету
Қазақстанның әуежайларында өкілдіктердің болуы сапалы хэндлингтік қызметтерді біздің көрсетуімізге мүмкіндік береді.
Біздің қызметтеріміздің тізіміне кіреді:
– Әуежайлық алымдарды төлеу
– Өкілдік қызметтер
– Экипаждар мен жолаушылар үшін тасымалдау қызметтері
– Борттық тамақтану
– Қонақ үйлерді брондау және экипаждарды орналастыру
– Шекаралық және кедендік іс-құжаттарынан өтуде жәрдем ету
Борттық тамақтану
Борттық тамақтану кез-келген ұшудың ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан біздің клиенттеріміздің сұрауларын қанағаттандыру үшін біз Қазақстанның үздік мейрамханаларымен және мамандандырылған компанияларымен серіктесеміз. Борттық тамақтанумен қамтамасыз ету кезінде біз ас өнімдерінің сапасы мен тамақтардың таңдамашылдығына ғана емес, сонымен бірге бортқа тапсырысты уақыттылы жеткізуге аса назар аударамыз.
Кедендік және шекаралық рәсімдерден өту
Әуежайда рейске қызмет көрсету кезінде біздің өкіліміз кедендік және шекаралық іс-құжаттардан өтуде барлық қажетті жәрдемді көрсетеді:
– экипаж бен жолаушылардың бақылаудан барынша жылдам өтуіне қадағалау жасау.
– Рәсімдерден өту айрықшалықтарына қатысты егжей-тегжей кеңес береді.
– күтпеген мәселелердің туындауы жағдайында ықпал етеді.
Қонақ үйлерді брондау және экипаждарды орналастыру
Біз қонақ үйлерге экипаж мүшелерін орналастыру қызметін көрсетеміз. Тіпті барынша қиын кезеңдерде біз экипажды Қазақстанның кез-келген жеріндегі қонақ үйге орналастыру үшін барлық қолымыздан келгенін жасаймыз. Бұдан өзге, біз үздік қолданыстағы келісімшарттарға иеміз, сондықтан тікелей іске асырғанға қарағанда біздің көмегімізбен қонақ үйге тапсырыс берген барынша арзан болады. Біздің клиенттеріміздің қалауы бойынша біз қонақ үйде қолма-қол емесе есептесу арқылы тұрақтауын ұйымдастыра аламыз.
VIP және бизнес залдарда жолаушыларға қызмет көрсету
Клиенттеріміздің жолаушылар статусы техникалық сипаттағы қызметтерді ұсынуда ғана емес, сонымен бірге жолаушылардың өздерінің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді ұсынудағы ең жоғары стандарттардың қамсыздандырылуын талап етеді. Қазақстанның барлық әуежайларында біз Сіз үшін келесідегідей заманауи әрі жайлы орындарды ұсынатын боламыз:
– VIP және бизнес зал
– Конференц-залы
– Сөйлесу бөлмесі
Ақжарқын персонал Сіздің жолаушыларыңызға демалыс пен бизнеске арналған барлық қажеттіні ұсынады: үздік тамақтану және сусындар, жаңа баспасөз беттері.
Трансферлер
Авиация бизнесі үшін қозғалыс кестесінің үнемі өзгеруі қалыпты болып табылады. Экипаж ұшақтан ерте шығуы немесе шартты жоспарланған уақыттан кеш шығуы мүмкін, ал оған арналған көлік кез-келген сәтте дайын болуы тиіс.
Біз ұзақ серіктесу жылдарында өздері жоғары қауіпсіздік деңгейіне ие сенімді серіктестер ретінде көрсете білген көлік компанияларымен ғана жұмыс жасаймыз.
Өз клиенттеріміздің экипаждары үшін біз жайлы әрі сыйымды микроавтобустарды, ал жолаушылар үшін – өкілдік санаттағы автокөліктерді ұсынамыз.
Чартерлік рейстерді ұйымдастыру
Өзге әуекомпанияларымен серіктесудің арқасында біз Сізге бір реттік чартерлік рейстерді ұйымдастыруға жәрдем көрсетуге дайынбыз. Біздің серіктестеріміз Сіздің қалауларыңызды қанағаттандыруға қабілетті, әуе кемелерінің әртүрлі типтеріне ие.
Өзге қызметтер
Өзге сұрақтардың туындауы жағдайында біздің қызмет көрсету орталығымыз Сізге көмектесуге қуана-қуана келіседі. Күмәнданбаңыз – шешім әрқашан табылады!