Біз туралы

Tengri Services –Әуерейстеріне жер үсті қызмет көрсететін компания. Біздің басты мамандануымыз – бұл бизнес-авиация.

Біз 2015 жылдан бастап жұмыс істейміз және бірнеше жылдың ішінде өзімізді аталмыш саладағы сенімді іскери серіктес ретінде көрсете білдік.

Қазақстанның барлық әуежайларымен бекітілген қолданыстағы шарттардың арқасында біз өз клиенттеріміз үшін ауқымды қызметтер қатарын ұсына аласыз.

Қазақстанның барлық әуежайларында ағылшын тілін білетін білікті персоналдың болуы Сіздің шетелдік экипажыңыздың жұмысын жеңілдетеді.

Біз рейске қызмет көрсету барысында туындайтын кез-келген сұрақтардың шешімін табуға ықпал етеміз.
Ұшуларды жоспарлайтын қызметіміз Қазақстанның ұшуға, қонуға немесе ұшып өтуге рұқсатты алуға көмектеседі, әуежайға слоттарды келістіреді, брифингке ұшу жоспарын береді, сіздің кестеңіздегі өзгерістерді жедел бекітеді, экипажыңызды қонақ үйге орналастырады, сондай-ақ оған трансфер ұсынады.

Компанияның негізгі мақсаты – клиенттің уақытын үнемдеу, жолаушылар мен әуе кемесіне сапалы жер үсті қызмет көрсетуі, чартерлік рейстерді ұйымдастыру кезіндегі білікті көмек.